«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің мүсіні, ең алдымен, «Мальме» стадионынан басқа жаққа көшіріледі, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы The Guardian мәлім етті. Қыс басталғаннан бері жанкүйерлер ескерткішке бірнеше рет шабуыл жасаған: олар мұрны мен аяқтарын кесіп, бояу жағып тастаға болатын. Онымен қоймай, мүсіннің басына унитаз кигізіп қойған. Мәселе Ибрагимовичтің «Мальме» клубының басты қарсыласы «Хаммарбю» командасының тең қожайыны атануында болып тұр. Фанаттар футболшыны осы себепті кешіре алмады.

Мүсінді жанкүйерлер бүлдіре алмайтын жерге ауыстыру туралы шешім қабылданды.