Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) кейінге шегерілген жарыстар кестесін қайта жариялауда. Мәселен, маунтибайктан әлем кубогінің бес кезеңін бір айда өткізу туралы шешім қабылданды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Кросс-кантри бойынша әлем кубогі кезеңі 5-6 қыркүйек күндері Швейцарияның Ленцехард қаласында басталып, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Чехияның Нове Места қаласында аяқталады. Сондай-ақ, 26-28 қазан күндері өтуі тиіс әлем чемпионаты кейінге шегерілді.

Маунтинбайк. Кросс-кантриден әлем кубогі:

5-6 қыркүйек - Ленцерхайде, Швейцария

12-13 қыркүйек - Вадь ди Соле, Италия

19-20 қыркүйек - Ле Ге, Франция

29 қыркүйек – 4 қазан - Нове Место, Чехия