Қазақстан UFC файтері Мария Агапова Аманда Нуньеске арнап сурет салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Агапова UFC чемпионымен түскен суретін салып, қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Армандар орындалады. Аманда @amanda_leoa менің жұмысыма қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет. Мен оған арнап сурет салғаныма өте қуаныштымын», - деп жазды Агапова Instagram-да.

Еске салайық, Агапова UFC-мен төрт жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды.