Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, Arlan MMA Pro Team өкілі Сергей Морозов жанкүйерлерді мешіттің құрылысына көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті достар! Осы қасиетті Рамазан айында жүректерімізді игі істерге ашайық. Көпұлтты мемлекетімізде біз әрқашан бір-бірімізді қолдауға дайынбыз. Еліміздің дамуы мен рухани құндылықтарымыз үшін игі істер жасайық», - деп жазды Морозов өзінің Инстаграм парақшасында.

Қазіргі уақытта Морозовтың командасы UFC компаниясымен жарнамалық келісімге қол қою туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Спортшы UFC-де осы жылдың соңына дейін дебют жасайды деп күтілуде.