«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Леонид Метальниковтің қолына операция жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, ол маусым аяқталғаннан кейін жарақат алған болатын.

Хоккейші 2019/2020 жылғы маусымда 64 матчқа қатысып, 12 (1+11) ұпай жинады. ҚХЛ тұрақты чемпионатында орта есеппен әр ойында 17 минут 6 секунд өнер көрсетті. Ал Гагарин кубогы аясындағы ойындарда 16 минут 7 секунд алаңда болды.

«