«Астана» велокомандасы бүгін аяқталған «Джиро д’Италия» виртуалды жарысының командалық есебінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезекті кезеңге қазақстандық «Астана» командасының екі спортшысы қатысты (Мануэле Боаро және Давиде Мартинелли).

Кәсіби велосипедшілер компьютерге қосылған велосипед станциясында 15 шақырымды жүріп өтті.

Айта кетейік, Алексей Луценко виртуалды Джиро д'Италияның бірінші кезеңін жеңіп алды, Якоб Фульсанг 6-шы кезеңде рет жеңіс тұғырына көтерілді.