Бүгін виртуалды «Джиро д'Италия» веложарысының жетінші кезеңі өтеді.

Astana Pro Team вклокомандасы сапынан ақтық кезеңге Мануэле Боаро мен Давиде Мартинелли қатысады. Велошабандоздар барлығы 15,7 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс.

Алты кезең қорытындысы бойынша Astana Pro Team көш бастап тұр. Team Jumbo - Visma командасы екінші болса, Androni Giocattoli – Sidermeс үздік үштікті қорытындылаған.