халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы спорт күнтізбесіне өзгерістер енгізеді.

Биыл індетке байланысты UCI WorldTour мен UCI Women's WorldTour жарыс кестесінде көп өзгеріс орын алған. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып UCI 15 сәуір күні 1 тамызға дейінгі барлық жарысты тоқтатуды құп көрген.

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, UCI Women's WorldTour 1 тамызда басталып, 8 қарашада аяқталады. 2020 жылғы кезеңде барлығы 18, нақтылап айтқанда, 13 біркүндік және 5 кезеңнен тұратын жарыс өтеді.