Халықаралық велосипедшілер одағы 2020 жылғы маусымның жаңа кестесін жариялады. Жаңартылған кесте бойынша жарыстар 1 тамыз бен 31 қазан аралығында өтеді.

UCI үш ай ішінде жалпы есебі 23 турнир өткізбекші. Олардың қатарында үш Гранд-тур бәсекелері де бар.

Атап айтар болсақ, 29 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында әйгілі "Тур де Франс" додасы өтеді.

3-25 қазан аралығына "Джиро д Италия" велокөпкүндігі жоспарланған. "Вуэльта" көпкүндігі 19 қазан мен 8 қараша аралығында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, қысқартылған маусымда өтетін жарыстар қатарында "Тиррено-Адриатико", "Льеж-Бастон-Льеж" турнирлері бар.