Мадридтік «Реалдың» барлық ойыншысы мен клубтың қалған қызметкерлері коронавирусқа тексерілді, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік «Соккерньюс» сайтына сілтеме жасап.
ESPN мәліметтері бойынша, барлық сынақ теріс нәтиже көрсеткен. Тестілеу 6 мамырда Мадридте клубының базасында өтті.
11 мамырдан бастап, корольдік клуб ойыншыларының жеке жаттығуды бастайтыны туралы айтылды.
Айта кетелік. «Реал» 27 турдан кейін, 56 ұпаймен Примера кестесінің екінші орнында тұр.
Комментарии