ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен маусымдағы 1-лиганың үздік сұрмергені атануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хабарлама жіберіп, құттықтап жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Менің ойымша, Виссам Бен-Йеддер де бұл марапатқа лайық. Негізі, АПЛ-дағыдай жасауға болатын еді», - деп жазды Мбаппе.

Еске сала кетелік, өткен маусымда үш футболшы Ағылшын Премьер-Лигасының үздік бомбардирі атанды.

Мбаппе мен Бен-Йеддер 18 гол соқты, бірақ «Монако» ойыншысының үш голы пенальтиден соғылған.