Marca басылымының мәліметінше, «Реал» өткен жылы Поль Погбаның трансфері жөнінде агенті Мино Райоламен келіссөз жүргізген.

Алайда қазір корольдік клуб фрацуз футболшысын сатып алудан бас тартқан. Оның орнына «Ренн» ойыншысы Эдуардо Камавинга мен «Челсидің» футболшысы Нголо Кантені қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Погба биылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» сапында бар болғаны 7 матчта алаңға шықты.