Ла Лига коронавирус пандемиясына байланысты тоқтағаны салдарынан «Барселонаның» бюджеті қаншалықты қысқарғаны белгілі болды.

As басылымының мәліметінше, «Барселонаның» келесі жылға жасалған жоспары 250 миллион еуроға аз болады. Өткен жылы каталондық клубтың бюджеті 1 миллиард 47 миллион еуроны құраған. Шығынды қысқарту үшін клуб басшылығы футболшыларға төленетін айлықты қысқартуды жөн деп шешкен.

Клубтың вице-президенті Жорди Кардонераның айтуынша, клуб 120-140 миллион еуро табысынан қағылған. Шығынға матч мен музейге сатылатын билеттерден, ойындарды көрсету құқығынан, мектеп пен дүкендерден, даңқты футболшылардың қатысуымен өтуі керек болған іс-шаралардан түсетін қаржы кіреді.