«Барселонаның» ойыншылары мен қызметкерлері коронавирусқа тексеруден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады. Басылымның мәліметінше, барлық сынақтар теріс нәтиже көрсеткен. Осылайша, каталониялық клубтың бірде-бір ойыншысы карантин режимінде отырмайды.

8 мамырдан бастап «Барселонаның» ойыншылары клуб базасында жеке бағдарлама бойынша жаттығуды бастайды деп күтіліп отыр.

Еске салайық, Испания чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған еді. 27 турдан кейін турнирдің көшбасшысы - 58 ұпай жинаған «Барселона» болса, екінші орында - мадридтік «Реал» (56).