RAC1 басылымы каталондықтардан алынған барлық сынақтардың теріс болғанын хабарлайды.

Осыған сүйене отырып, ертең, 8 мамырда клуб базасында Кике Сетьен шәкірттері жаттығу жұмыстарын бастайды деп күтілуде.

Еске салайық, Испания билігі футбол клубтарына 4 мамырдан бастап жаттығуды қайта бастауға рұқсат берді. Маусым айында ел чемпионатын аяқтау жоспарланған.