УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарын тамыз айында қайта жалғастырмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

RMC Sport порталының хабарлауынша, «Лион» мен «Ювентус» арасындағы қарымта матч 8 тамызда өтуге тиіс. Бірінші ойында франциялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

УЕФА бұдан бұрын федерациялардан ұлттық чемпионаттарды шілде айының соңына дейін аяқтауды сұраған.

Еске сала кетелік, Covid-19 індеті кесірінен «Кәрі құрлықта» футболдан халықаралық турнирлер мен ішкі біріншіліктер тоқтатылған болатын. Тек Беларусьте ғана чемпионат жалғасып жатыр.