«Торино» командасы ойыншыларының бірі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ойыншының аты-жөні хабарланбаған. Оның тек карантинде екендігі ғана белгілі.

Италияда 4 мамырдан бастап жеке футбол жаттығуларына рұқсат етіледі. Командалық жаттығулар 18 мамырдан басталмақ.

Ал, жалпы, бұл елде 214 457 жұқтыру оқиғасы тіркелген. 29 684 адам қайтыс болды, 93 245 - емделіп шықты.