UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов Мәскеудегі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz. Mmaboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

«Дағыстан» РИА порталының хабарлауынша ресейлік жаттықтырушы Абдулманап Нурмагомедовты Мәскеудегі ауруханалардың біріне апарған. Бұл туралы ақпарат агенттігіне күрестен Олимпиадалық санаттағы төреші, Нурмагомедовтар отбасының досы Убайдул Османов хабарлады.

«Бірнеше күн бұрын мен Абдулманаппен сөйлестім. Ол бәрі жақсы, сауығып кеттім деп айтты. 3 мамырда оның жақын туысы маған қоңырау шалып, кенеттен ауырып, арнайы басқарма арқылы Мәскеуге алып кеткенін жеткізді. Жүрегінде ақау пайда болған», - деп Дағыстан РИА Османовтың сөзін келтірді.

Еске салайық, Абдулманап Нурмагомедов бұған дейін Махачкаладағы екінші қалалық ауруханада пневмонияға күдікпен ауруханаға түскен болатын.