UFC спортшылары 9 мамырда өтетін турнир алдында коронавирусты тексеруден өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

MMA Junkie-дің айтуы бойынша, UFC турнирге қатысатын барлық спортшыларды коронавирусты сынақтан өткізуге ниетті. UFC жауынгерлеріне жіберілген құжатта олардың қанша рет коронавирусқа тексерілетіні көрсетілмеген.

ESPN ақпараты бойынша, жауынгерлер стандартты сынақтан да, коронавирусқа қарсы сынақтан да өтеді.

Еске салайық, UFC 249 9 мамырда Джексонвиллде өткізілуі керек.