Ғаламторда «Манчестер Сити» футбол клубының 2020/21 жылғы маусымға арналған формасының фотосы пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz Footy Headlines сайтына сілтеме жасап.

«Манчестер Сити» командасының демеушісі Puma компаниясы «Манчестер Сити» футбол клубының 2020/21 жылғы маусымға арналған формасының фотосын әлеуметтік желіде жариялап, артынша өшіріп тастады.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» командасы «Ливерпульдан» 25 ұпайға қалып, екінші орында тұр.