Франциялық France Football басылымы 1992 мен 2020 жылдар аралығындағы Чемпиондар лигасы тарихында салынған ең әдемі голдар тізімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz2002 жылғы "Реал" сапындағы Зинедин Зиданның леверкузендік "Байер" қақпасына (2:1) салған голы ең мықты деп мойындалды.Рейтингтің топ-10 тізімі төмендегідей:1. Зинедин Зидан, "Реал" ("Байер" қақпасына, 2002 жылы финалда);2. Мауро Брессан, "Фиорентина" ("Барселонаға" 1999 жылы);3. Криштиану Роналду, "Реал" ("Ювентуске" 2018 жылы);4. Деян Станкович, "Интер" ("Шалькеге" 2011 жылы);5. Филипп Мексес, "Милан" ("Андерлехтке" 2012 жылы);6. Гарет Бэйл, "Реал" ("Ливерпульге" 2018 жылы);7. Майкл Эссьен, "Челси" ("Барселонаға" 2009 жылы);8. Марио Манджукич, "Ювентус" ("Реалға" 2017 жылы);9. Роналдиньо, "Барселона" ("Челсиге" 2005 жылы);10. Аарон Рэмзи, "Арсенал" ("Галатасарайға" 2014 жылы).Айта кетейік, рейтингтің топ-50 тізімін France Football сайтынан көруге болады.