Қазақстан мен Сингапурдың жас шахматшылары онлайн матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынға екі тараптан 20 шахматшы қатысты - әр жас тобындағы екі ұл мен қыз (12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейін) қатысты.

Қазақстан ұлдар командасы сингапурлік құрдастарын 5,5:4,5 есебімен жеңді. Ал қыздарымыздың жеңісі сенімдірек болды - 8.5:1.5. Матчтың жалпы есебі 14:6 - Қазақстан құрамасының пайдасына.

Толық нәтижелер төмендегі фотосуреттерде берілген.