2 мамырда Формула 1 аңыздарының арасында екі виртуалды жарыс өтті. Олардың қатысушылары Сепанг тас жолының конфигурациясын пайдаланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қашықтық сегіз айналымнан тұратын бірінші жарыстың жеңімпазы Хуан Пабло Монтоя болды, екінші орын Формула 1 чемпионы Дженсон Баттонға бұйырды, үшінші орынды Эмануэль Пирро иеленді.

Екінші жарысты Адриан Фернандес жеңіп алды, Даррен Тернер екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Эмануэль Пирро тағы да үшінші орыннан көрінді.