Биыл Германияда өтуі тиіс маунтинбайктан әлем чемпонаты COVID-19 індетіне байланысты ұйымдастырылмайды.

Германияның Альбштадт қаласындағы әлемдік доданы UCI алдымен 15-18 маусым аралығына шегерген болатын. Алайда, коронавирус қарқыны әлі басылмағандықтан, чемпионат өткізілмейтін болды.

«UCI велосипедшілер қауымдастығын түсіністікпен қарауға шақырып, Германия велосипедшілер одағы мен Альбштадт қаласының әлемдегі ахуалға байланысты қабылдаған алдын-алу шараларын мойындайды», - делінген хабарламада.

Айта кетелік, UCI коронавирус індетіне байланысты ВМХ фристайлдан өтуі тиіс әлем кубогының үшінші кезеңін де өткізбеуді жөн көрген болатын.