Еуропалық велосипедшілер одағы (UEC) коронавирус пандемиясына байланысты шосседегі веложарыстан 2020 жылғы Еуропа чемпионатын 2021 жылға ауыстыру туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Құрлық біріншілігі 9-13 қыркүйекте Италияда өтуі керек еді.

«Бүкіл әлемді қамтыған қиын жағдайға байланысты, УЭК Трентино (Италия) Еуропа чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды және сол қалада өтеді», - деп хабарлады УЭК баспасөз хабарламасында.

Жоспарланған турнирдің өтетін күндері Халықаралық велоспорт одағы (UCI) 2021 жылға арналған күнтізбесі жарияланған кезде жақын айларда жарияланады.