Испанияда коронавирус індетінің беті қайта бастады. Соған орай «Реал Мадрид» пен «Барселона» жаттығу процесін қайта бастауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, «Барселона» келесі апта ойыншыларын коронавирусқа қарсы тексерістен өткізеді. Тексерістен кейін 10 немесе 11 мамыр күні жаттығу басталады. Ойыншылар жаттығу орталығына оралып, бапкерлердің қадағалауымен жеке жаттығуды бастайды.

«Реал» да дәл осы уақытта жаттығуға оралады. Мадридтік клубтың ойыншылары да арнайы тексерістен өткен соң, 11 мамырда жаттығуға кіріседі деп жоспарланып отыр. Бірақ топтық жаттығуға рұқсат жоқ, тек жеке жаттығуларды жасайды.