Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, «Барселона» футбол клубын үлкен өзгеріс күтіп тұрған көрінеді, деп жазады Prosports.kz.

Жарты әлемді жаулаған коронавирус індеті спорт әлемін ауыр шығынға батырды. Сол қатарда каталониялық клуб та қаржылық қиындықтарға ұшырап отыр.

Басты мәселе, «Барселонаның» ойыншыларға төлейтін жалақы мөлшері өте жоғары. Кейбір деркетерде, каталониялық клубтың жалпы табысының 80%-85%-ын жалақыға жұмсайтыны айтылады.

Сондықтар жазғы тарнсфер кезінде командаға кең көлемде өзгеріс енгізбекші. Жалпы 9 футболшы сатылады деген ақпарат бар.

Бірінші кезекте нысанаға жалақысы жоғары ойыншылар ілініп отыр. Луис Суарес, Антуан Гризманн, Филиппе Коутиньо, Усман Дембеле сынды жылына бірнеше он миллион жалақы алатын футболшыларды сатудан өзге амал қалмаған. Бұлардан бөлек, Иван Ракитич, Артуро Видаль, Самюэль Умтити, Нелсон Семеду, Серджи Роберто қатарлы ойыншылар да клубтан кетуі мүмкін. Егер лайықты ұсныс түссе, жоғарыда аты аталған футболшылар өзге командаға ауысады.

Айта кетерлігі, бұл тізімде аты аталған үші ойыншыны «Барселона» өте үлкен сомаға сатып алған болатын. Атап айтқанда, Коутиньо (165 млн), Дембеле (150 млн), Гризманн (120 млн) еуроға сатып алынған.

Испаниялық басылымдардың жазуынша, «Барселона» биыл 200 млн еуро табысынан қағылған. Сол үшін де жалақысы жоғары ойыншыларды сатып, клубтың қаржылық қиындықтарын шешпекші.

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады

Роналдиньо: Түрмеде отырам деп ешқашан ойлап көрмеппін