Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров Tour de Balcon виртуалды веложарысы екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Винокуров ArtemSBR88 лақап аты бар жарысқа қатысушыдан 3 минут 38,61 секундқа қалып қойып, екінші орын алды. Үшінші орын Paperman нигімен ойнаған «велошабандозға» бұйырды.