«Вуэльта-2020» көпкүндік веложарысының кезеңдер саны 18-ге қысқартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Веложарыс енді Ирун қаласынан (Испания) басталады.
Бастапқыда «Вуэльта» Нидерландыда басталуы керек еді. Бірақ бұл жоспар билік органдарының коронавирус пандемиясына байланысты 1 қыркүйекке дейін елде спорттық шараларды өткізбеу туралы шешіміне сай өзгерді.
Енді ұйымдастырушылар Гранд-турды Ирун - Аррате кезеңінен бастауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Вуэльта-2020» 14 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтуі керек еді. Алайда коронавирусқа байланысты жарыс қайта жоспарланып, 24 қазанда басталатын болды.
Комментарии