Франция премьер-министрі Эдуард Филипп қыркүйек айына дейін бұқаралық спорттық іс-шаралардың өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, COVID-19 індетінің беті әлі қайтпауына байланысты, қыркүйек айына дейін 5000 адам немесе одан да көп адам жиналатын ірі спорттық іс-шараларды өткізуге болмайды.

Осыған орай, Тур де Франс-2020 турнирі тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін.

Айта кетейік, турнир алғашында 27 маусым мен 19 шілдеге жоспарланған болатын. Бірақ коронавирусқа байланысты көпкүндік веложарыс тамыз-қыркүйек айына ауыстырылған.