2020 жылдың күнтізбе жоспарына енгізілген Wanda бриллиант лигасының маусым айындағы тағы екі кездесуі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Wanda бриллиант лигасын маусым басындағы кезеңдерін әлемді жайлаған коронавирус індетіне қатысты тоқтату туралы шешімді мәлімдеді. Аталған дода биыл 11 маусымда Ослода өтуі тиіс еді. Мұндай шешімді ұйымдастырушы тарап ресми халықаралық ұйымдармен ақылдаса отырып қабылдаған. Жарыстың өткізілетін жаңа уақыты Халықаралық жеңіл атлетика федерациясымен пандемия аяқталғаннан кейін біріккен келіссөз негізінде жарияланатын болады.