27 қыркүйек күні өтуі тиіс Берлин марафоны белгісіз уақытқа кейінге шегерілді деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Берлин марафоны әлемдегі ең әйгілі марафондар қатарында. 2018 жылы кениялық Элиуд Кипчоге аталған марафонды 2 сағат 1 минт 39 секундта жүгіріп өтіп, ерлер арасындағы әлемдік рекордты орнатқан болатын. Биыл COVID-19 індетіне байланысты марафонның өткізілу уақыты әлі анықталған жоқ. Айта кетелік, әлемге жайылған індетке байланысты Лондон мен Бостондағы марафондар да кейінге шегерілген болатын.