«Верона» наурыздың ортасында коронавирусқа оң сынақтан өткен команданың жартылай қорғаушысы Маттиа Дзакканьидің толық қалпына келгенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы футболшы 8 наурыз күні «Сампдориямен» өткен матчтан кейін сақтық шарасы ретінде карантинге жіберілді. Бірнеше күннен кейін оның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.

Бейсенбіде Дзакканьидің коронавирусты тексеруі теріс болғандықтан, ол коронавирустан құлан-таза айықты.

Еске салайық, А сериясы 10 наурыз күні коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.