«Верона» футболшысы бір айдан астам уақыт коронавирустан емделді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Верона» наурыздың ортасында коронавирусқа оң сынақтан өткен команданың жартылай қорғаушысы Маттиа Дзакканьидің толық қалпына келгенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 жастағы футболшы 8 наурыз күні «Сампдориямен» өткен матчтан кейін сақтық шарасы ретінде карантинге жіберілді. Бірнеше күннен кейін оның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.
Бейсенбіде Дзакканьидің коронавирусты тексеруі теріс болғандықтан, ол коронавирустан құлан-таза айықты.
Еске салайық, А сериясы 10 наурыз күні коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.