Танымал қазақстандық кәсіби боксшы Фируза Шарипова Prosports.kzсайтына берген сұхбатында алдағы жоспарымен бөлісті.

- Жаттығуларыңыз қайда және қалай өтіп жатыр ?

- Әзірге жекпе-жекке толыққанды дайындықты бастаған жоқпын. Себебі жекпе-жек 19 маусымда өтпейтіні айдан анық. Карантин біткен соң дайындығымды бастайтын боламын. Менің басты талабым жекпе-жек алдында екі ай дайындыққа уақытым болу керек. Әзірге жалпы физикалық дайындықтар жасап жүрмін.

- Алдағы жылға жоспарыңыз қандай ?

-Осы жылы Софья Очигавамен реванш өткіземіз. Жекпе-жек жазда өтсе дұрыс болар еді. Кейінірек басқа чемпиондармен жек-жек өткізгім келеді. Нақты жоспар жоқ. Бірақ бір жыл ішінде 3-4 жекпе-жек өткізу керекпін. Басты арманым өз салмағымда абсолютті чемпион болу. Сол үшін өз салмағымдағы чемпион Кэти Тэйлормен жұдырықтасқым келеді.