Чилилік теннисші Николас Харри рұқсат етілмеген препарат қолданғаны үшін 11 айға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Харри былтыр қарашада допинг-тесттен өткен, тест оң нәтиже көрсетіп отыр. Спортшының қанынан SARM LGD-4033 (лигандрол) метаболиттері және станозонол табылды.

24 жастағы теннисші енді кортқа 15 қарашада оралады. Өйткені дисквалификация 2019 жылдың 16 желтоқсанынан бастап есептеледі.

Айта кетейік, чилилік теннисші әлемдік рейтингте 89-орынға жайғасқан.