Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин карантин кезінде үйде қалай жаттығу жасауға болатынын көрсетті.Кукушкиннің видеосын Қазақстан теннис федерациясының ресми инстаграм парақшасы жариялады.

Кукушкин қазіргі кезде әлемдік рейтингте 91-сатыға жайғасқан. Барлық теннис турнирлері коронавирус пандемиясына байланысты 13 шілдеге дейін тоқтатылған.