«Тоттенхэм Хотспур» футбол клубы «Вест Хэм Юнайтед» қорғаушысы Исса Диопты қатарға қосқысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

Foot Mercato басылымының жазуынша, 23 жастағы футболшыға лондондық клубтың бас бапкері Жозе Моуриньюдің өзі қызығушылық танытып отыр. Диоптың өзі де Лондонда доп тебуге қарсы емес.

«Вест Хэм» клубы франциялық қорғаушыны 60 млн еуро көлемінде сомаға сатуға дайын.