Кеше «Казанка» футбол клубының қорғаушысы Иннокентий Самохвалов қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы мәскеулік «Локомотивтің» баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Футболшы жеке жаттығу кезінде ауырып қалған, қайғылы жағдайдың егжей-тегжейі анықталып жатыр. Ол мейірімді жан, жақсы дос еді. «Локомотив» футбол клубы болған оқиғаны қайғыра қабылдады, бұл біз үшін үлкен жоғалту. Иннокентийдің туыстары мен достарына көңіл айтамыз», - деп жазды клбу ресми сайтында

Айта кетейік, Самохвалов биыл 22 жаста болатын. Ол «Локомотив» футбол клубының түлегі.