Қазақстандық «Syman Gaming» CS:GO ұжымы Home Sweet Home турнирінің екінші аптасында сәтсіз өнер көрсетті.

Қазақстандық команда жартылай финалда «Smash Esports» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен есе жіберді.

Home Sweet Home турнирі 7 сәуірден бастап апта сайын өткізіледі. 8 апта бойы жеңіске жеткен командалар ақтық сынға шығады. Апта сайынғы жеңімпаздар 40 мың АҚШ долларын жеңіп алады.