Таеквондодан қыздар құрамасының спортшылары танымал Don't Rush челленджіне үн қосып, салтанатты кештерге арналған көйлектер киді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған челлендждің видеосы инстаграм желісіндегі Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің ресми парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл эстафетаға бокстан Қазақстан құрамасының спортшылары да атсалысқан болатын.