«Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема «Лионда» доп тебуге қарсы емес екенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Карим Лион қаласында дүниеге келген. Он жасынан қала аттас клубта жаттыға бастады. Мансабын осы командада бастап, 150 матчқа қатысты.

- «Лионға» қайта оралу? Адамдар мұны меннен үнемі сұрайды. Бірақ дәл қазір «Лионға» қайта алмаймын. Өйткені қазір әлемдегі ең үздік клбута өнер көрсетіп жүрмін. Мұнда орындайтын жоспарларым әлі көп. Алайда болашақта туған командама оралып, сонда мансабымды аяқтауға қарсы емеспін, - дейді Бензема.