«Тоттенхэм Хотспур» футбол клубының Жозе Моуринью бастаған бапкерлер алқасы ресейлік шабуылшы Артем Дзюбаны қатарға қосқысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы британиялық HITC порталының шолушысы Шамант Джайарам мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұзын бойылы (196 см) Артемге Моуриньюдің өзі қызығушылық танытып отыр. Оның үстіне лондондық клуб тәжірибелі еркін агентті қатарға қосу оңтайлы шешім деп есептейді.

Айта кетейік, 31 жастағы Артем Дзюбаның «Зенитпен» келісімшарты 2020 жылдың жазында аяқталады. Ол 2019/20 жылғы маусымда 28 матчқа қатысып, 15 гол соқты.