«Оқжетпес» қыздар футбол клубының бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Айтпай Жамантаев тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы көштаулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бірнеше жыл Қазақстан қыздар құрамасын баптаған тәжірибелі маманның «Оқжетпес» тізгінін ұстайтыны жайлы бұған дейін де айтылған. Бұл ақпаратты Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Окжетпес» клубының ойыншысы Бегайым Қырғызбаева Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында растаған болатын.

Айтбай Жамантаев – Целиноград футболының түлегі. Жергілікті «Динамо» футбол клубында өнер көрсеткен. Содан кейін «Целинник» командасында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді. Қазақстан қыздар құрамасын жаттықтырды. Соңғы кездері Айтбай Саяжанұлы қыздар құрамасында бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс атқарған болатын.

«Оқжетпес» директоры: Қарыздардан түгел дерлік құтылдық

Исламхан, Жуков, Қуат және Зайнутдиновтің трансферлік құны төмендеді