Футзалдан 2019-2020 жылғы маусымдағы ойындар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншіліктері белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты елде төтенше жағдайдың жариялануы ойынның кейінге шегерілуіне басты себеп болып отыр. Бүгінде мамандар жағдайды жіті қадағалап, ел біріншілігін өткізу кестесін қайтадан қарастырып жатыр.

Айта кетелік, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, 16 наурыздан бастап барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылған болатын.