17 сәуір, жұма күні «Қайрат» футбол клубының инстаграм-парақшасында команданың бас бапкері Пауло Рикардо Кака мен Ресей футзал құрамасының бапкері Сергей Скоровичтің қатысуымен тікелей эфир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Құрметті достар!

Клубтың бас бапкері Какамен тікелей эфир жалғасын табады. Бұл жоба «Кака шақырады» деген атаумен өтеді.

Бұл жолы тікелей эфирдің қонағы - Ресей футзал құрамасының бапкері Сергей Скорович!

Тікелей эфир 17 сәуір, жұма күні, Нұр-сұлтан уақытымен 20:00-де басталады!

Бәріңізді күтеміз!», - делінген клубтың ресми хабарламасында.