Лондондық «Челси» биыл жазда жартылай қорғаушы Н'Голо Кантені ешқайда жібермейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Никола Скира тwitter-дегі жеке парақшасында жазды.

- Франциялық футболшыға «Реал Мадрид», «Барселона», «Пари Сен-Жермен», «Ювентус» сынды алпауыт клубтардың қызығушылық танытып отырғанына қарамастан Канте Лондонда қалады, - деп жазды ол.