Англиялық басылымдар АПЛ тарихындағы ең үздік футболшыны анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Кубоктық турнир ережесімен өткен бәсекеде француз футболшысы Тьерри Анри жеңіске жетті. Ол жартылай финалда Криштиану Роналдудан басым түрсті.

Екінші жартылай финалдық кездесуде Пол Скоулз бен Райан Гиггз кездесті. Бұл сында соңғысы жеңіске жетті.

Ал ақтық сында Анри айқын басымдылықпен Гиггзді жеңді.