Ресейлік файтер Мухамед Коков (15-4) ACA Kazakhstan-ға берген сұхбатында қазақстандық Артем Резниковке (21-6) қарсы жұдырықтасуға қызығушылық танытатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта ресейлік спортшы ACA-ның жеңіл салмақтағы рейтингінде (70 келі) 10-шы орында тұр. Соңғы рет Коков биылғы жылдың ақпан айында ACA 104 турнирінде өнер көрсетті. Краснодарда Коков бірінші раундта Вишхан Магомадовты қылғындыру әдісімен жеңген еді.

«Иә, әрине. Мен оның соңғы жекпе-жегін тікелей эфирде көрдім. Мен оның Раисовты қалай шақырғанын есіттім және мені де атап өтті. Мен қарсы емеспін. Артемға қарсы төбелес мені де қызықтырады. Жақсы балуан, грэпплер. Мен мұндай дуэльге қызығамын, мен өзімді және оның деңгейін тексергім келеді».

Бұған дейін Артем Резников ACB-нің бұрынғы чемпионы (66 кг) Юсуф Раисовпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан болатын. Раисовтан басқа Резников Мухамед Коковтың да есімін де атады.

Асу Алмабаевтың мансабындағы ең үздік сәттер. Видео

Дамир Исмағұлов неге лақап аты жоқ екенін түсіндірді

Шавкат Рахмонов: Тағы да антидопинг ережесін бұзсам, спорттан екі жылға шеттетілуім мүмкін