Әлемдегі ең ірі үш гранд-тур ұйымдастырушылары коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, олардың қашан өтетіні туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон кез келген бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге шілде айының ортасына дейін тыйым салды.

Marca өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, «Тур де Франс» 2-25 тамыз аралығында, «Испания Вуэльтасы» қыркүйектің алғашқы үш аптасында, ал «Джиро д'Италия» қазан айында дәл осы мерзімде өткізілуге тиіс деп жазған болатын. Бұл шешім қабылданып қойылғанымен, пандемия жоспарды өзгертіп жіберді. Кеше ғана Халықаралық велосипедшілер одағының бейнеконференциясында велобәйгелердің басқа мерзімге ауысқаны жөнінде айтылды. Енді «Тур де Франс» 29 тамыздан 20 қыркүйекке дейін өтеді. Содан кейін әлем чемпионаты жоспарланған (20-27 қыркүйек). Ал «Испания Вуэльтасы» шамамен қазан айында, Giro d'Italia қарашаға дейін өтпек.